Бесқарағай ауданы әкімінің Бесқарағай ауылдық округінде
есеп беру кездесуі
Бесқарағай ауылының аудандық Мәдениет үйінде ауыл тұрғындары мен аудан халықтарының барлық топтарының өкілдері, аудандық ұйымдар мен мекемелердің басшылары жиналды.
Аудан әкімі Төлеужан Сағымбекұлы Жексембаев өзінің есебінде 2009 жыл ішінде ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына және жергілікті атқарушы органдары алдында тұрған Елбасының Жолдауы аясындағы 2010 жылдарға арналған міндеттерге тоқталды.
Ауданның негізгі саласы- ауыл шаруашылығы.
Жалпы ауыл шаруашылық өнімінің көлемі 2009 жылы 5,0 млрд. теңгені құрап, 2008 жылмен салыстырғанда өсім қарқыны 33 % ұлғайды.
2009 жылы ет өнімдері – 6,8 мың тонна болып, 2008 жылмен салыстырғанда – 1,0 %, сүт – 40,5 мың тоннаны немесе 3,9 %, жұмыртқа – 3,6 млн. дананы немесе 4,7 % құрады.
Ірі қара мал басы – 1,7 %, қой мен ешкі – 2,7 %, жылқы –9,8 %, құс – 6,6 % артты.
Ауданда «АсАй и К» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «Лана», «Мукинов» шаруа қожалықтары базасында 3 мал бордақылау алаңдары жұмыс істеуде. Биылғы жылы «Балке» және «Саят» шаруа қожалықтары осындай мал бордақылайтын алаңдарды ашуды жоспарлауда.
2009 жылы жалпы 28,8 мың тонна астық жиналып, аудан бойынша орташа өнімділігі әр гектарына 9,2 центнерді, 0,3 мың гектар көкөніс жиналып, орташа түсімі 222 центнерді, 0,7 мың гектар алқаптан картоп жиналып, оның орташа түсімі гектарына 128 центнерді құрады.
Аудан әкімі ауданның атқарушы органдарының міндеттерінің бірі шағын бизнесті дамыту үшін жағдай жасап, оларға жан-жақты қолдау көрсету, бұл бюдеттің кіріс бөлігін толтырудың негізгі көзі, күнделікті қажетті тауарлармен қамтамасыз ету және бағаларды ұстау мен қосымша жұмыс орындарын ашу екендігіне тоқталды.
Кездесуге қатысқан тұрғындар аудан әкімінің есебін талқылауға белсене қатысты. Кездесуге қатысқандарға 2010 жылғы 11 қаңтардағы аудандық газетте жарияланған баяндама тезисі қосымша таратылды.
Жарыссөзге 9 адам қатысып, «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты филиалдарын бюжеттің кіріс бөлігін толтыру негізінде жергілікті атқарушы органдардың қарамағына беру, М-Владимировка-Қоянбай автомобиль жолдарын жөндеуге қосымша қаражаттар бөлу, несиелеу шарттарын өзгерту (әсіресе лизинг), тұқым бөлу кезінде біздің жердегі топырақтың құнарлығын ескеру, тыл еңбеккерлерінің жеңілдігі, орманды қалпына келтіруге қатысу және тағы басқа мәселелер көтерілді.
Барлық сұрақтарға аудан әкімі Т.С.Жексембаеа оңды жауап берді, есеп беру кезінде шешімін таппаған сұрақтар бақылауға алынатын болады және олар бойынша іс-шаралар дайындалатын болады, мәселелер шешілуіне байланысты тұрғындарға жеткізілетін болады.
Кездесуге Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары– Пинчук Григорий Васильевич қатысып, тұрғындармен қойылған кейбір сұрақтарға жауап бере келе біздің ауданның дамуына табыс тіледі.
Аудан әкімінің есеп беруі кезінде бейнефильм мен слайд көрсетіліп, балалардың шығармашылығынан көрме дайындалды.
Кездесу аяқталғаннан кейін көркемөнерпаздардың күшімен концерт ұйымдастырылды.
Аппарат басшысы Т.Глазинский
|