Сервер бойынша іздеу:

 


АУДАН ТАРИХЫ

Бесқарағай ауданы – Шығыс Қазақстан облысының 19 аумақтық бірліктерінің бірі, облыстың солтүстік бөлігінде орналасқан аудан болып саналады. Әкімшікліктік бірлік ретінде 1928 жылы Павлодар облысының құрамында құрылған.

Аудан қазіргі уақытта солтүстігінде Ресей Федера-циясының Алтай өлкесінің Углы және Михайловка аудан-дарымен 89 ұзындықта, батысында Павлодар облысының Лебяжі ауданымен, оңтүстік –батысы Курчатов қаласымен және оңтүстік –шығысы Қазақстан Республикасының Семей қаласымен шекаралас орналасқан.

Аудан 1959 жылға дейін Павлодар облысы құрамына, 1997 жылға дейін Семей облысының, 1997 жылдан бастап Шығыс Қазақстан облысының құрамына енгізілді.
Аудан ауыл шаруашылығы бағытында жұмыс істейді, астық, майлы және бақша дақылдарын өндірумен, сүтті мал шаруашылығымен, халық тұтыну тауарларын, орман шаруашылығы кәсіпорындарының өнімдерін өндірумен айналысады.
Ауыл шаруашылығы алқаптары бұрынғы 14 кеңшарлар
мен 1 ұжымшардың базасында құрылған 666 шаруа қожалықтарына бекітілді.
Аудан аумағында 6 «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты мемлекеттік мекемесі-390,8 мың га алқаппен, «Дорожник» ЖШС, аудандық электр жүйесі, Қазақтелеком, Қазпошта, мемлекеттік көп салалы коммуналдық кәсіпорны орналасқан.
Тарихқа көз жүгіртсек, ХҮІІІ ғасырдың басында І Петр кезіндегі орыс мемлекеті Шығыс елдерімен экономикалық және саяси байланыстарды нығайтты. 1714 жылы Ертісте қорғандардан, форпостар мен бекіністерден тұратын нығайтылған жолы құрылды.

 1718 жылы  Ертісте Семей қорғаны қалыптас-тырылды. Осы уақытта қазіргі Бесқарағай ауданының аумағында Семияр, Долон фарпостары; Грачи, Известка, Черемуха бекіністері және Ертістің қапталында басқа да нығайтқыштар пайда болды.
Бесқарағай ауданы – ол Семей Ертісі. Ол бұрынғы арғын мен уақ руларына Орта жүз көшпенді қазақтарының жерлерінде орналасқан.
Ауданның бедері тегіс. Кейбір жерлерінде ғана 6-10 метрдей биіктікпен соқпақтар кездеседі.
Ауданның солтүстік – шығысы мен шығысына биіктігі 200-351 метр болатын Белағаш қыраты созылып жатыр, ол Құлынды даласымен өтіп, Алтай тауымен жалғастырылып жатыр.

 Ауданның батысында Ертіс өзені өтеді. Ертістің оң қапталы жыралармен бөлінген тізбектерден тұрады. Ертістің құмды алқапатырында белдеулі ормандар өседі. Бұндай алқаптар ауданда негізінен бес.
«Бесқарағай ауданы» өзінің атауын өте сирек кездесетін көне белдеулі бес орманға сәйкес алды.

Аудан аумағы Семей ядролық полигонның аумағымен тығыз байланысты, себебі 1949 – 1990 жылдары ядролық қаруларды жер асты және аспан арқылы тексеру жүргізілді. «Семей ядролық полигонның ядролық сынауынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1992 жылғы Заңы бойынша ауданның төрт елді мекені төтенше, ал қалған аумақтары максималды аумаққа жатқызылды.

 

Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Сайттың әкімшісі
Бейсекин Нуржан Талгатович
Телефон: 87223690443
e-mail: Bshtabbesk@mail.ru
Beskaragayorg1@rambler.ru

Шығыс Қазақстан облысы,
Бесқарағай ауданы, Бесқарағай ауылы,
Сейфуллин көшесі, 144.
Индекс: 070300



Copiright © 2008-2010