Сервер бойынша іздеу:

 


Мәслихаты туралы

   Мекеменің мекен жайы:
Шығыс Қазақстан облысы, Бесқарағай ауданы,
Бесқарағай ауылы, С.Сейфуллин көшесі, 144

Бесқарағай аудандық мәслихаты өз құзыретін Қазақстан Республикасы Конституциясы, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңына, сессияда қабылданып бекітілген Регламентіне, сондай-ақ Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық және нормативті-құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырады.

Аудандық мәслихаттың төртінші шақырылған құрамына 12 депутат сайланған. Екі тұрақты комиссия және тексеру комиссиясы жұмыс істейді. Мәслихат аппаратының штаттық кестесі бойынша 5 мемлекеттік қызметкер бар, оның ішінде 2-і- бос орын. Аппараттың негізгі міндеттерінің бірі мемлекеттік қызмет пен жергілікті мемлекеттік басқару нысанында мемлекеттік саясатын біртұтас іске асыру. Мәслихаттың және оның органдарын, материалдық-техникалық, құқықтық, ұйымдастыру және басқа да  мәселелерді қамтамасыз етуді асыру. Депутаттардың өкілеттігін орындауына көмек көрсету. Қазақстан Республикасы Заңдарына сәйкес, азаматтардың құқығын Заңды мүдделерін, құқығын және басқада өкілеттіктерді жүзеге асыру.

Мәслихат қызметінің негізгі нысаны сессия болып табылады, онда мәслихаттың қарауына заңдармен белгіленген мәселелері шешіледі, өз жұмысын сессияда, тұрақты комиссияларда заң белгіленген шектерде депутаттардың  өз өкілеттіктерін орындауымен іске асырады.

Кезекті сессиялары жылына кемінде 4 рет шақырылады. Сессияда және тұрақты комиссияларды аудандағы мекеме басшыларының есебі тыңдалып, әр түрлі Бағдарламалар мен комиссиялардың құрамы бекітіледі. Жылдық бюджет қабылданып, тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп отырады және оның орындау барысы бақылауда болады. Аудандық салық комитетінің ұсынысы бойынша қызмет көрсету орындарынан алынатын салық көлемі белгіленеді. Тұрмысы төмен азаматтарға берілетін  жәрдемақы мөлшері анықталады.

Қабылданған Бағдарламалардың орындау барысы сессия мен тұрақты комиссияларда жоспарға сәйкес тыңдалып отырылады.

Маралов Жәнібек Зәйтенұлы - аудандық мәслихаттың хатшысы.

Бесқарағай аудандық мәслихатының тексеру комиссиясының төрағасы 1961жылы 18 сәуірде туған, білімі жоғары, ұлты- қазақ. 1981-1983  жылдары Ермак дене шынықтыру техникумына түсіп, аталған техникумды бітірген соң жолдамамен Павлодар облысы  Павлодар ауданының «Маралды» совхозында спорт жөніндегі методист. 1984-1985 жылдары Бесқарағай ауданының АКТУ-16 дене шынықтыру мұғалімі. 1985-1990 жылдар аралығыннда Кривинка орта мектебінде дене шынықтыру мұғалімі, 1990-1992 жылдары «Семмелиорация» ЖҚПМ-ның тас қалаушысы, 2000-2001 жылдары аудандық мәслихаттың ұйымдастыру-құқықтық бөлімі бастығының міндетін атқарушысы, 2001 жылдың желтоқсан айынан бастап аудандық мәслихаттың тексеру комиссиясының төрағасы болып қызмет атқарады. Аудандық мәслихаттың депутаты ретінде 3 рет сайланды.
«Нұр Отан» ХДП-ның мүшесі.
«Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл» мерекілік медалімен наградталды.
Жанұялы, үш баласы бар.

Қабылдау уақыты: Азаматтарды қабылдау күні әр аптаның: сейсенбі, бейсенбі, жұма күндері 10.00-12.00, 15.00-17.00
Телефон: 8-72236-9-12-53

   

Слоницкой Юрий Алексеевич - аудандық мәслихаттың тексеру комиссиясының төрағасы

Солоницкий Юрий Алексеевич 1961 жылы 8 қарашада Семей облысы Бесқарағай ауданының Семеновка ауылында туды. Жоғары білімі бар. 1984 жылы Семей зоотехникалық-ветеринарлық институтын зооинженер мамандығы бойынша (үздіктікпен) бітірді.

Еңбек жолын 1978 жылы «Семеновка» совхозының мал шаруашылығының көп еңбек сініруді керек қылатын процестерінің слесарі болып бастаған. 1984 жылдан 1985 жылдары «Семеновка» совхозының бөлімшесінің зоотехнигі, «Семеновка» совхозының комсомол комитетінің хатшысы. Қазақстан ЛЖОК комсомолы Бесқарағай аудандық комитетінің 1985 жылы екінші хатшысы, ал 1988 жылы бірінші хатшысы болып сайланды. 1990 жылдан 1993 жылға дейін-Бесқарағай ауданының «Березовка» совхозының директорының мал азығын өндіру жөніндегі орынбасары. 1993 жылдан 1995 жыл аралығында «Березовка» совхозының бас зоотехнигі. 1995-1996 жылдары «Бурасинское» ҰҚ-ін экономисі. 1996-1998 жылдар аралығында «Восход» шаруа қожалығында жұмысшы, 1998 жылдан казіргі уақытқа дейін «Диана-1» ШҚ басқарушысы. Отбасылы екі баласы бар.

 

   

Чуашбаева Айжан Омаргалиевна - Бесқарағай аудандық мәслихатының бас маманы 1964 жылы 18  тамызда туған, ұлты-қазақ, білімі жоғары, Н.Крупская атындағы Семей педагогикалық институтын бітірген, «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының мүшесі.

Еңбек  жолын 1985 жылы Мостик НМ математика мұғалімі болып бастады. Бесқарағай аудандық АХАЖ бөлімінің меңгерушісі, әлеуметтік қорғау бөлімінің бас маманы, білім бөлімінің бас маманы болып қызмет етті. 2005 жылғы сәуір айынан аудандық мәслихатының бас маманы.
Жанұялы, төрт баласы бар.

E-mail: maslikhat@rambler.ru
Телефон: 8-72236-9-14-16

   

Молдашева Әсел Рахметуллақызы

Бесқарағай аудандық мәслихатының бас маманы 1982 жылы 21 шілдеде туған, білімі жоғары, ұлты қазақ, «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының мүшесі.  2003 жылы Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын заңгер мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолы: 2004 жылдың маусым айынан бастап Бесқарағай аудандық мәслихатының бас маманы. 
Жанұялы, бір баласы бар.

E-mail: maslikhat@rambler.ru
Телефон: 8-72236-9-14-16

   
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Сайттың әкімшісі
Бейсекин Нуржан Талгатович
Телефон: 87223690443
e-mail: Bshtabbesk@mail.ru
Beskaragayorg1@rambler.ru

Шығыс Қазақстан облысы,
Бесқарағай ауданы, Бесқарағай ауылы,
Сейфуллин көшесі, 144.
Индекс: 070300



Copiright © 2008-2010